Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC чемпионы мексикандық боксшы Хулио Сезару Чавеске WBA бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек ұйымдастыру ұсынылды.Кездесу 12-ші шілде күні Лос-Анджелесте өтуі мүмкін. Головкинге бұл кездесу үшін салмақ қосу керек, себебі Чавес 76 келіде жұдырықтасады.«Сенбіде Чавеспен әңгімелестім және оған Головкинмен кездесуді ұсындым. Чавес-Головкин жекпе-жегі 12-ші шілде күні Лос-Анджелесте өтуі ықтимал», — деді мексикандық боксшының промоутері Арум BoxingScene сайтына.

Головкинмен келісімге келе алмаса, Чавес канадалық боксшы Жан Паскальмен жұдырықтасады.