«Астана» футбол клубына «Ганновер-96» командасының бұрынғы шабуылшысы Чавдар Янков ауысуы мүмкін.Бұл туралы «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне клубқа жақын тұлғадан белгілі болды. Дегенмен, трансфердің болу-болмауы әлі белгісіз. 

Чавдар карьерасын 2001-ші жылы 17 жасында «Славия» клубында бастады. Аталмыш команданың сапында ол 70 матч өткізіп 10 гол соқты. 

2005-ші жылы Янков германиялық «Ганновер-96» клубына жалға берілді. Бір жылдан кейін германиялықтар ойыншыны сатып алды. Болгариялық шабуылшы екі жыл ішінде 16 матч өткізді. Кейін, «Дуйсбург», донецкілік «Металлург», «Ростов» секілді командаларда ойнады. 2012-ші «Славияға» қайта оралды. 2003-2011 жылдары Болгария құрамасы сапында 50 матч өткізіп 5 гол соқты.