Биыл чемпиондар лигасының финалында Англияның қос командасы - «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА ресми сайты турнирдің басты матчында қызмет атқаратын төрешілердің тізімін жариялады.

Матчтың бас төрешісі словениялық Дамир Скомина. Ал оған қос қапталдан отандастары Юре Прапротник мен Роберт Вукан көмектеседі. Ал төртінші төреші Антонио Матеу Лаос (Испания).