«Барыс» хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Егор Петуховпен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші енді 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін елордалық клуб сапында өнер көрсетеді.

ҚХЛ-дегі дебюттік маусымында 25 жастағы шабуылшы 45 матчқа қатысып, 6 (4+2) ұпай жинады.

Мамыр айының басында Петухов ұлттық құрама сапында 2019 жылғы әлем чемпионаты бірінші дивизионында өнер көрсетті.