Қазақстандық теннисші Анна Данилина Сен-Годенс қаласында (Франция) өтіп жатқан ITF турнирінің бірінші айналымынан аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы кезеңде британиялық теннисші Хэрриет Дартқа екі сетте де есе жіберді. Есеп - 4:6, 0:6.