Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (22-0, 15КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы iFL.tv-ге берген сұқбатында боксшының менеджері Асқар Саликбаев айтты. Оның айтуынша, екі жыл шаршы алаңға шықпаған Тұраров 1 маусымда Уэльс астанасы Кардиффте келесі кездесуін өткізеді.

Тұраров соңғы айқасын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны (21-7, 8КО) жеңген болатын.