Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Станислав Калицкий филиппин боксшысына қарсы тыңғылықты дайындалып жатыр.

Калицкий 18 мамыр күні Ресейдің Екатеренбург қаласындағы «РМК бокс академиясында» филиппиндік Лэнди Крис Леонға қарсы кездесу өткізеді. Жұдырықтасу жүздесуі сегіз раундқа жоспарланып отыр.

- Барлық жанкүйерлерді РМК бокс академиясына 18 мамыр күні шақырамын. Онда мен кәсіпқой бокстағы 8-ші кездесуімді өткізгелі отырмын. Қарсыласым кәсіпқой рингте 35 жекпе-жек өткізген филиппин боксшысы - деп жазды инстаграм парақшасында Станислав Калицкий.