Көкшетаулық «Арлан» клубын словакиялық маман Душан Грегор жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

57 жастағы маман «Арлан» клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін негізінен Словакия мен Ресей командаларында жұмыс істеген. Сондай-ақ 2014 жылы қарағандылық «Сарыарқаның» тізгінінде Жоғарғы хоккей лигасының басты жүлдесі Братины Кубогын жеңіп алған болатын.