Парадзюдодан Бакуде өтіп жатқан Әлемдік Гран При турнирінде Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыста 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті. Жарыс нәтижесі бойынша әзербайжандық Ширинли Вугар жеңімпаз атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді.

12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада Қазақстан намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.