«Ордабасы» ФК бұрынғы бас бапкері Виктор Пасулько Шымкенттен ақшасыз қайтпайтынын білдірді. Украиндық бапкер команда басшылығынан келісімшарттың орындамағаны үшін айып төлеуді сұрады. Дегенмен, ел біріншілігінің бірінші турындағы «Қайсармен» өткен кездесуде Пасулько өз орнында болмағаны үшін, клуб басшылығы оны қызметін орындамады деп қарсы уәж айтуы мүмкін.«PROСПОРТ Казахстан» тілшісіне белгілі болғандай, жақын арада шымкенттік клубты Андрей Гордеев немесе Талғат Байсуфинов жаттықтыруы мүмкін.