«Джиро д’Италия 2019» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңінде «Астана» шабандозы Мигель Анхель Лопес он үшінші болып мәре сызығын кесті.

Шабандоздар арақашықтығы 219 км болатын Винчи мен Орботелло қалаларының арасын бағындырды.

Жеңімпаз «Deceuninck-Quick Step» командасының намысын қорғайтын Элиа Вивиани болды. «Астана» сапынан үздік нәтижені испандық Мигель Анхель Лопес көрсетті.