Қытайдың Мао-Мин қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық волейболшылар құрлық додасынан жүлдесіз қалды.

Әйелдер арасында бақ сынаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы Қытай және Тайланд спортшыларын ұтқан болатын. Алайда, ширек финалда біздің спортшылар австралиялық қарсыластарына 1:2 (20:22;21:19;9:15;) есебімен жол берді. Ал Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы Азия чемпионатында 9-шы орынға табан тіреген.