Ресейлік маман Андрей Гордеев жақын арада «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін.  

Бұл туралы клубқа жақын тұлғадан белгілі болды. Сондай-ақ, үміткерлер қатарында «Ертістің» бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфиновта бар.  

Естеріңізге сала кетсек, Гордеев кезінде «Сатурн» мен донецкілік «Металлургты» жаттықтырған және Гуус Хиддинк пен Юрий Красножанның «Анжиде» көмекшісі болды.