UFС америкалық ММА шебері Тони Фергюсон мен Дональд Серроне арасында жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар 8 маусымда Чикагода өтетін UFC 238 турнирі аясында кездеседі. Бұл кештің басты жекпе-жегі Генри Сехудо мен Марлон Мораес арасында өтеді.

35 жастағы Фергюсон мансабында 24 рет жеңіске жетіп, 3 жеңіліске ұшыраған. Ал 36 жастағы Серроненің еншісінде 36 жеңіс және 11 жеңіліс бар.