Ережесіз жекпе-жектен ADCC Submission Wrestling World Championship турнирінің екі дүркін жеңімпазы және джиу-джитсудан әлем чемпионы Джефф Монсон алматының CrossFit Brute Force залында ашық жаттығуын өткізді.

Естеріңізге сала кетсек 22-ші наурыз күні «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Монсон «DIAMOND FIGHT-Достық» атты ережесіз жекпе-жек турнирінде қазақстандық Шахмарал Жетпісовпен жұдырықтасады.