2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық боксшы Василий Левитті төрешілердің даулы шешімімен жеңген ресейлік Евгений Тищенко матч-реванш өткізу туралы айтты.

- Кәсіпқой рингте Василий Левитпен жұдырықтасуым мүмкін. Меніңше, ол Токио Олимпиадасына дейін әуесқойда өнер көрсететін секілді. Дегенмен егер кәсіпқойға ауысып жатса матч-реванш жасауға болады. Қызық болары сөзсіз, - деді Тищенко «Советский спорт» басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Василий Левит кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал Василий Левит әлі әуесқойда өнер көрсетеді.