Зарина Дияс жапониялық Фукуокте өтіп жатқан ITF турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық теннисші Ребекка Мариномен кездесті. Жартылай финалда Дияс канадалық қарсыласын екі сетте - 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Финалдық сайыста жерлесіміз британиялық Хизер Уотсонмен сынға түседі.