Галина Воскобоева Майамидегі WTA Sony Open Tennis турнирінің бірінші айналымында ұтылып қалды.

Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 47-ші ракеткасы болгариялық теннисші Цветана Пиронковадан айласын асыра алмады – 2:6, 5:7.