Жағажай волейболынан Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы 1/8 финалға жолдама алды.

Е тобындағы үшінші ойында қазақстандық спортшылар Гонконг елінен келген А Йонг Вай Ян және Ко Юнг Юнг жұбына қарсы ойнады. Қыздарымыз 21:14, 21:16 есептерімен сенімді жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, отандық волейболшылар алғашқы екі кездесуде тайланд және жапон қыздарынан басым түскен еді.