Жоғары хоккей лигасының ширек финалында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы краснодарлық «Кубаньды» ұтты.

Кеншілер матчтың бесінші минутына дейін екі шайба соғып үлгерді. Михал Махо мен Виталий Ааба голдардың авторы атанды. Дегенмен, ресейліктер бірінші кезеңнің жартысында есепті қысқарта алды. Ары қарай, кеншілер қонақтардың қақпасына үш шайба соқса, Кубань командасы екі голмен жауап берді. Қорытынды есеп – 5:3.

Ертең Қарағандыда қос команда арасындағы қарымта ойын өтеді.

 

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Кубань» (Краснодар) 5:3 (2:1, 3:0, 0:2)

1:0 – Махо (Громов) – 00:192:0 – Ааб (Макмиллан, Елизаров) – 04:272:1 – Журун (Коробов, Малюшкин) – 09:223:1 – Федосеев (Антоновский) – 28:554:1 – Макмиллан (Елизаров, Ааб) – 31:045:1 – Гашпарович (Громов, Махо) – 38:485:2 – Журун (Малюшкин, Безруков) – 41:065:3 – Дубровин (Зарипов) – 46:52

Қақпашылар: Ковач – Рейзвих

Сериядағы есеп: 1:0