Мәскеулік «Спартак» футбол клубының басшылығы команданың бас бапкері Валерий Карпинді қызметінен босатты, деп хабарлайды ресейлік клубтың ресми сайты.  

Карпин «Спартакты» 2009-шы жылы сәуір айында қабылдаған болатын. Төрт жыл ішінде Карпин «Спартакпен» екі рет 2009-шы және 2012-ші жылдары Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Команданың уақытша бас бапкері қызметін Карпиннің көмекшісі Дмитрий Гунько атқарады.