Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дияс екінші айналымда әлемнің 421-ракеткасы, жапониялық Мана Аюкавамен шеберлік байқасты.

Осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған қазақстандық спортшы қарсыласын 6:1, 6:0 есебіиен ойсырата жеңді. Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін тағы бір жапониялық, әлемнің 269-ракеткасы Риса Одзакимен таласады.