Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобс арасында орта салмақта WBC, WBA және IBF титулдары үшін өткен жекпе-жекті DAZN стриминг сервисінен қанша адам қарағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сервистің мәліметі бойынша, кездесуді платформадан 1,2 миллион адам қараған. Оның 700 мыңы – тікелей эфирде.

Los Angeles Times-тың хабарлауынша, DAZN-ға бұл трансляциядан 50 миллион долларға жуық пайда түскен.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте «Канело» америкалық боксшыны төрешілер шешімімен жеңген болатын.