Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турындағы талдықорғандық «Жетісу» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойын Талдықорғанда емес Алматыда өтетін болды. 
 
КФЛ-ның ресми сайтына сүйенсек, «Жетісу» алаңы аталмыш матчты қабылдауға әлі дайын емес болып шықты. Сондықтан кездесу 22-ші наурыз күні Алматының «Орталық Стадионында» өтеді. Ойынның басталу уақыты - 18:00-де.