«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының бас менеджері Юрий Мельниченко «ПРОСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында алғашқы рет өтіп жатқан Еременко Кубогын қорытындылады.

–Футзалдан биыл бірінші рет ұйымдастырылған Еременко Кубогы да өз мәресіне жетті. Осы турнирден қандай әсер алдыңыз?

– Бұл турнир мини-футболдан ХХ ғасырдағы үздік ойыншылардың бірі деп танылған атақты спортшының құрметіне ұйымдастырылғанын айт кеткен жөн. Өкінішке қарай, ол арамыздан ерте кетті, алайда артында үлкен із қалдырды. Юрий ойыншы ретіндегі жарқын жеңістерімен, кейінірек нағыз бапкерлігімен де есте қалады. Сондықтан осынау бәсі биік турнир «Қайраттың» қатысуымен Алматыда өткеніне қуаныштымын. Барлық ойындар қазақстандық Kazsport және ресейлік Спорт пен «Норд» арналарында көрсетілді. Сонымен қатар, ғаламторда онлайн-трансляциялар жүрді. Бұл дегеніміз футзалдың жанкүйерлер арасында баяғыдан-ақ үлкен танымалдыққа ие болғанын дәлелдейді. Бүгінгі таңда «Қайрат» клубы отандық футзалдың беткеұстарына айналды және өз беделін халықаралық ареналарда дәлелдеп жүр. Ал турнирдің өзіне келетін болсақ, мен осындай Еуропаның азулы командалары бақталасып жатқан жарысқа бірінші рет келіп тұрмын. Сайыстан керемет сезімде қалған жалғыз мен емес шығармын. «Қайрат» пен «Газпром-ЮГРА» арасындағы жартылайфиналдық матч аса тартысты өтіп арқаны қоздырды. Бұл кездесу драмаға толы болды, әсіресе «Қайрат» екінші таймның басында 2:5 есебімен жеңіліп тұрып ойын арнасын бұрып жібергенде психологиялық тұрғыдан мықты екенін дәлелдеді. Алдымен Какао шәкірттері есепті теңестірді, артынша басым түсті. Қазақстандық жанкүйерлердің есінде ұзақ уақыт қалатын осындай әдемі ойыннан мен үлкен әсер алдым. Бір айта кетерлігі, турнир  «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының серіктестік қолдауымен өтті. Былтыр «Астана» ПКСК УЕФА Кубогінің іріктеу кезеңінен бұрын «Қайрат» АФК-мен серіктестік және Қазақстан Республикасында әлемдік кәсіпқой спортын дамыту меморандумына қол қойған болатын. Айта кетерлігі, біздің командалар елімізді жоғары деңгейде көрсете алатын жобаларға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржылық көмек көрсетіп жатыр. Менің ойымша, «Астана» ПКСК және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өз міндетін шебер атқарып келе жатқан «Қайрат» ұжымына риза болуы керек. Ал жанкүйерлік көзқараспен айтатын болсам, еліміз жеңістері арқылы танылса екен деп тілеймін.

Соңғы жарты жылда «Астана» ПКСК «Қайрат» АФК-мен бірігіп екі бірдей беделді футзал турнирін ұйымдастырды, олар УЕФА Кубогінің іріктеу кезеңі және Еременко Кубогінің финалдық сайысы. Қос турнирге де толы алаң жанкүйерлер жинай алды.

– Бұл футзалдың танымалдығын көрсетеді. Себебі ол барлық халыққа қолайлы спорт түрі ғой. Футзалды қыздар да, ұлдар да кез келген үй маңындағы алаңқайларда ойнай алады. Футзал мен футболдың қарқынды дамып келе жатқаны үшін Қазақстан Футбол Федерациясына алғыс айтуымыз қажет. Жалпы менің ойымша, бізде футзалдың келешегі зор, біз бәріміз ауылда мини-футбол ойнап өстік қой. Себебі толық жарамды алаңда футбол ойнауға біздің шамамыз келмейтін. Сондықтан барлығымыз да осы бір әдемі спорт түрімен айналыстық. «Астана» ПКСК мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның көмегімен мини-футболға қызығатындардың саны күн санап артып келеді. Бақытымызға орай, бұл үдерісте отандық БАҚ өкілдері де белсенділік танытып, тынбай еңбек етуде. Оның үстіне, қазіргі заман технологиялары соңғы жаңалықтарды әлемнің кез-келген түкіпірінен бақылауға мүмкіндік береді.

Егер футзалдың танымалдығы өсіп жатса, Олимпиадалық спорт түрі болып танылуы мүмкін бе?

– Меніңше, соңғы жылдардағы жанкүйерлердің көбеюін ескерсек, сөзіңіздің жаны бар. Сондықтан «Қайрат» АФК-ның басшылығына тек қана денсаулық, амандық және үлкен шабыт тілеймін. Болашақта сансыз маңызды футзал турнирлерін өткізуге қаражат та, табандылық та жетсін. Мен Алматыда Құрлықаралық Кубокті қуана тамшалайтын едім. «Астана» ПКСК-ның қолдауымен мұндай сайыстардың бізге келуі әбден мүмкін. Сол уақытқа дейін «Қайрат» ұжымының күші артып, шеберлік деңгейі мен ойын өрнегі жетіле берсін. Спортта шектеу жоқ қой, сондықтан «Қайрат» клубы тек мықтылардың арасында болады деп үміттенем. Жанкүйерлер де команданың табысына көз алмай қарайтыны анық, өз сүйіктілерін жаңа белеске шығуына және Астана мен Қазақстанның әлем спортында кең қанат жаюына да олар ынта беріп отырады. 

Есет Төлеш