Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедовтің (14-0, 10КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы BoxRec сайтында ресми хабарланды. Әли Ахмедов 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) — Стив Роллс (19-0, 10КО) жекпе-жегінің андеркатында америкалық Абрахам Ханмен (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.