Алматылық «Қайрат» футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев команданың бас бапкері Владимир Вайсстың ойымен келісетінін білдірді.

«Ойын барысында команданы алға жетелейтін көшбасшысы жоқ екені анық байқалды. Олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз», - деп жазды Боранбаев «Твиттердегі» жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» ФК премьер-лиганың алғашқы турында «Атыраудан» 0:1 есебімен ұтылды.