146 спортшы қатысқан Спартакиадада елордалық былғары қолғап шеберлері озық болды.

Жарыс жеті күнге созылды. Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары бес алтын, бір күміс, екі қоламен бірінші орынға ие болды. Екі алтын және бір күміс, бір қоланы олжалаған Маңғыстау облысының боксшылары екінші сатыны қанағат тұтса, бір алтын, бір күміс және екі қола иемденген Түркістан облысының спортшылары алдыңғы үштіктің қатарынан орын алды.

Спартакиаданы әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов қорытындылады:

- Барлық кездесулерді көрдім. Жастардың беталысы жаман емес. Ұлттық құраманың құрамына кіру үшін тынбай еңбектену қажет. Бүгінгі таңда спортшы үшін барлық жағдай жасалған. Менің кезімде әлемдік бокс академиясы жоқ еді. Қазір мамандар жүректің әрбір соққысына дейін бақылап отырады. Тек алға мақсат қойып, соған жетуді ғана ойлау керек.

V жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері:

49 кг

I Асхат Жүсіпов (Нұр-Сұлтан)

II Жомарт Ержан (Түркістан облысы)

III Жандос Несіпжан (Алматы облысы), Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)

52 кг

I Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)

II Евгений Павлов (СҚО)

III Абай Қуандыков (Ақтөбе облысы), Азат Махметов (Нұр-Сұлтан)

56 кг

I Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау)

II Ильяс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан)

III Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы), Нығметолла Молдашев (ШҚО)

60 кг

I Саматәлі Төлтаевв (Маңғыстау)

II Әділет Құрметов (ШҚО)

III Ерсұлтан Болат (Ақмола облысы), Серік Теміржанов (Павлодар облысы)

64 кг

I Ділмұрат Мижитов (Алматы)

II Нұржан Мақашбаев (Алматы облысы)

III Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы), Сабыржан Әбілов (Қызылорда облысы)

69 кг

I Талгат Шәйкен (Ақмола облысы)

II Аятолла Тәкіжанов (Павлодар облысы)

III Станислав Цой (Жамбыл облысы), Канағат Маралов (Нұр-Сұлтан)

75 кг

I Тимур Нұрсеитов (Нұр-Сұлтан)

II Ермахан Жәкпеков (ШҚО)

III Ерсұлтан Советов (Карағанды облысы), Амандык Манашев (Атырау облысы)

81 кг

I Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

II Ерік Әлжанов (Манғыстау)

III Қуандык Жүсіп Қызылорда облысы), Дінслам Әбдешов (Түркістан облысы)

91 кг

I Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

II Онталап Рахманов (Қызылорда облысы)

III Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау), Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)

+91

I Нұрболат Сермаханов (Нұр-Сұлтан)

II Сержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы)

III Данил Семёнов (Қостанай облысы), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы)