Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалда «Ливерпуль» «Барселонаны» қабылдайды.

Каталониядағы кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген. Месси бастаған жігіттерді көпшілік ауызша финалға шығарып қойды. Алайда «Энфильдте» «Ливерпуль» қарымта қайтаруға ұмтылады. Юрген Клопп шәкірттері өз алаңында жанкүйерлердің қолдауымен төрт доп соғуға тырысатыны анық.

Алайда ағылшын командасының жағдайы мәз емес. Өткен турда Мұхаммед Салах басынан жарақат алып, қатардан шығып қалды. Негізгі құрамдағы шабуылшы Роберто Фирмино да ойынға қатыса алмайды.