Гвардиола командасы АПЛ-дың соңғы туры алдында «Ливерпульдан» бір ұпай озып тұр.

«Манчестер Сити» АПЛ-дың 37-туы аясында өз алаңында «Лестерден» басым түсті. Чемпиондар сапынан жеңісті голды команда капитаны Венсан Компани соқты.

Соңғы турда «қалалықтар» «Брайтонға» қонаққа бармақ. Ұпай жоғалтпаса, Гвардиола шәкірттері екінші жыл қатарынан турнир үздігі атанады. Ал, олардан бір ұпайға ғана қалып, өкшелеп қуып келе жатқан «Ливерпуль» болса «Энфилдта» «Вулверхэмптонмен» кездеседі.