Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Шымкентте өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Скатов Израиль елінің өкілі Бен Патаэлмен кездесті. 1 сағат 19 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші жеңіске жетті – 6:1, 6:4.