Қазақстандық Зарина Дияс бүгін жаңартылған рейтингте үздік 100 теннисшінің қатарына енді.

Осыған дейін 115-орында тұрған қазақстандық теннисші 98-сатыға көтерілді. Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирін жеңген соң рейтингіде көтерілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 41-ден 43-орынға төмендеді. Путинцева Мадрид жарысында табысты өнер көрсетсе, өз рейтингісін қайта жақсарта алады.