Астана қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы бірінші дивизионның А тобындағы ойындар бітті.

Алғашқы екі орынды иемденген Қазақстан мен Беларусь құрамалары келер жылы үздіктер сынға түсетін А дивизионына жолдама алды.
Естеріңізге салайық, Қазақстан хоккейшілері жоғарғы дивизионда соңғы рет 2016 жылы ойнаған.