«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойын біткен соң, мұнайшылардың қорғаушысы Майкл Одибеден сұхбат алды. - «Қайратқа» қарсы өкен матч туралы айта кетсеңіз...

- Жалпы алғанда жақсы ойын көрсеттік, бірақ өзім әлсіз ойнадым деп ойлаймын. Бапкер ұсынған тактиканың арқасында жеңіске жеттік. 

- Бапкеріңіз жайлы пікіріңіз қандай? 

- Менінше, біздің бапкер – жоғары деңгейлі маман. Футболдың профессоры деп айтса да артық болмас. Қазақстанда ондай бапкерлер бар екеніне таң қалдым. Алға қойылған мақсаттарға жететінімізге сенімім мол. 

- Бұрындары Қазақстандық қандай ұжымдарын білетін едіңіз?

- Украинада ойнағанымда, Еуропа лигасында сәтті өнер көрсеткен «Ақтөбе» жайлы естідім. Бұдан өзге, қарағандылық «Шахтерді» де жақсы білемін.