Танымал португал маманы Жозе Моуринью шотландиялық «Селтик» клубының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sky Sport Italia басылымына сілтеме жасап.

Шотландиялық клубтың басшылығы 56 жастағы жаттықтырушыға ұсыныс дайындау үстінде.

- Егер Томас Тухель ПСЖ-да қалса Моуринью «Селтикпен» келіссөз жүргізеді, - деді Жозе Моуриньюдің агенті Жорже Мендеш.

Айта кетейік, жақында «Манчестер Юнайтедтің» тізгінінен кеткен Жозе Моуриньюға ПСЖ мен «Рома» командалары қызығушылық танытқан еді.