«Астана» шабандозы Якоб Фульсанг «Париж – Ницца» веложарысын бесінші орында аяқтады.  

AG2R La Mondiale командасының шабандозы колумбиялық Карлос Бетанкур жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынды Lampre-Merida шабандозы Руй Алберту Кошта иеленсе, FDJ.fr. командасының франциялық шабандозы Артюр Вишо үшінші орынды қанағат тұтты.

Командалық есепте «Астана» 9-шы орында жайғасты. Ал Movistar командасы жалпы тізімде топ жарды.

 

Париж – Ницца велододасы. Жалпы есеп.

1. Карлос Бетанкур (Колумбия, AG2R La Mondiale) – 35:11:45

2. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – + 0:14

3. Артюр Вишо (Франция, FDJ.fr) – + 0:20

5. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 0:29

21. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – + 2:17

54. Франческо Гавацци (Италия, Astana Pro Team) – + 28:05

58. Лиуве Вестра (Голландия, Astana Pro Team) – + 35:13

79. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – + 48:22

88. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 52:07

89. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 52:25

95. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 56:17