Қазақстан - Беларусь(3:2) кездесуінің жеңімпаздар сапындағы үздігі Талғат Жайлауов матчтан кейін өз ойымен бөлісті.

- Өз ойынымызды дамыту түсуге тырыстық. Әрине, қарсыласты да зерттедік. Олармен жолдастық кездесу өткізгеніміз бар. Алайда, бүгін матчтың бәсі басқа. Алты ұпай үшін таластық десек те болады. Беларусь-мықты ұжым. Бізбен бір деңгейде. Мен үшін турнир сәтті бастала қойған жоқ. Ішімдегі қиналысымды сыртқа шығармай сақтап жүрген қиын екен. Алайда, жақындарымының арқасында өз бабыма қайта келдім.