Алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің қарымта кездесуінде «Аятты» ұтты. 

Матчтың бірінші минутында-ақ Жаон есепті ашты. Кейін, рудныйлықтар Насыровтың көмегімен есепті теңестірді. Бірақ, бес минуттан кейін Кайо «Қайрат» командасын есепте алға шығарды. Содан соң, Мұрзабаев есепті - 3:1-ге жеткізді. Артынша, «Аят» ойыншысы Карлос есепті қысқартты.
 
Екінші таймда алматылықтар басым жеңіске қол жеткізді. Алдымен, Кайо хет-триктің авторы атанса, Лео жетінші голды соқты. Қонақтар сапында Чеботарев көзге түсті. Қорытынды есеп - 7:3.  
 
 
 
«Қайрат» – «Аят» - 7:3 (3:2)
 
Голдар: Жоан 1, Кайо 13, 22, 24, Мұрзабаев 15, Лео 28 - Насыров 7, Карлос 18, Чеботарев С. 33
 
«Қайрат»: Халявин, Игита, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Лео, Алешандре, Мұрзабаев, Қосмұхамбетов, Барон, Парух, Жоан, Кайо
 
«Аят»: Лопатюк, Чеботарев К., Солуменко, Насыров, Андерсон, Пика Пау, Сағындық, Кистаубаев, Смолин, Чеботарев С., Нестеров, Карлос
 
Төрешілер: Яловцев (Павлодар) - Стрелков (Тараз)
 
Ескерту алғандар: Пенгрин 37 - Солуменко 37
 
16-шы наурыз. Алматы. «Қайрат» СК.