Футзалдан Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңіндегі қарымта матчында қарағандылық «Тұлпар» СКА-Юг командасын ойсыратта ұтты. 
 
 
Кеншілер «СКА-Юг» қақпасына тоғыз жауапсыз гол соқты. Бірінші таймда Алекс, Шорин мен Першин бір-бір голдан соқса, үзілістен кейін Першин мен Талес дубль жасады. Артынша, Гребонос пен Догвань жалпы есепті қорытындылады - 9:0. 
 
 
 
«Тұлпар» - СКА-Юг - 9:0 (3:0)
 
Голдар: Алекс 10, Шорин 12, Першин 14, 25, Жеронимо 30, Талес 30, 32, Гребонос 33, Довгань 40
 
«Тұлпар»: Жеронимо, Перемышлин, Мун, Гребонос, Першин, Дуглас, Талес, Алекс, Есенаманов, Таку, Довгань, Шорин, Тихонов, Алин
 
СКА-Юг: Алешандре, Құлбарақов, Миранда, Марсио, Смақов, Идрисов, Серікұлы, Әбдеш, Козулькин
 
Төрешілер: Борисов (Рудный), Салимов (Астана)
 
16-шы наурыз. Қарағанды. «Тұлпар» спорткешені. 500 жанкүйер.