Кеше Павлодар мен Көкшетауда хоккейден ерлер арасындағы ел чемпионатының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтті.
 
Көкшетаулық «Арлан» хоккей клубы өз мұз айдынында атыраудың «Бейбарыс» командасын 4:2 есебімен ұтты. 
 
«Арлан» (Көкшетау) – «Бейбарыс» (Атырау) 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)
0:1 - Херман - 06:49
1:1 - Дэвечка (Гашпар) - 19:09
2:1 - Беланже - 30:30
3:1 - Долишня (Беланже) - 37:49
4:1 - Трощинский (Риндео, Беланже) - 43:00
4:2 - Мамонов - 47:55
Қақпашылар: Пуурула – Лацо
Сериядағы есеп: 1:0
 
 
Ал, ел чемпионы керекулік «Ертіс» овертаймда теміртаулық «Арыстаннан» айласын асырды - 3:2. 
 
 
«Ертіс» (Павлодар) – «Арыстан» (Теміртау) 3:2 ОТ (0:0, 0:1, 2:1, 1:0)
0:1 - Далман (Сихвонен, Саилио) - 39:14
1:1 - Рих. Хуна (Иконен, Свитана) - 41:12
1:2 - Трибунцов (Сихвонен, Дубинин) - 54:49
2:2 - Мирошниченко (Клемешов, Худяков) - 59:11
3:2 - Хьюса (Залешак) - 60:26
Қақпашылар: Пинц – Райтумс
Сериядағы есеп: 1:0