Зарина Дияс жапониялық Гифу қаласында өтіп жатқан Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай финалдық сайыста қазақстандық теннисші Аустралия елінің өкілі Мэддисон Инглиспен кездесті. Дияс үш сетте - 1:6, 6:4, 6:1 есебімен қарсылас жеңді.

Финалда жерлесіміз қытайлық теннисші Лян Эн Шуомен сынға түседі.

Турнирдің жүлде қоры 80000 АҚШ долларын құрайды.

Зарина Дияс (Қазақстан) – Мэддисон Инглис (Аустралия) 1:6, 6:4, 6:1