Элизабет Тұрсынбаева алдағы маусымға арналған жоспарларымен бөлісті. Спортшы әлеуметтік желі арқылы қысқа бағдарламаға қандай композиция таңдағанын мәлімдеді.

2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері алдағы маусымда қара қарғаның образында өнер көрсетпек. Ол қысқа бағдарламаға Камиль Сен-Санстың «Ажал биі» (Dance Macabre) әуенін таңдаған.

Айта кетелік, биылғы маусым 19 жастағы Элизабет үшін сәтті аяқталды. Ол төрт құрлық чемпионаты мен Универсиада ойындарында күміс медаль иеленді.Й