Супер ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри ағымдағы жылдың қыркүйегінде тағы бір жекпе-жек өткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

30 жастағы боксшы 15 маусымда Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында Том Шварцпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте екі боксшы WBO Inter-Continental титуылын сарапқа салады.

«Мен 28 қыркүйекте тағы бір жекпе-жек өткіземін. Алдағы жартыжылдық мен үшін белсенді өтпек. Осы жылы үш жекпе-жек өткізу ойымда бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Фьюри Деонтей Уайлдермен жұдырықтасқан болатын. Шайқас тең аяқталды.