Қарағандылық «Тұлпар» футзалдан ел чемпионатының үшінші кезеңін жеңіспен бастады.

Матчтың үшінші минутында қарағандылық Илья Мун таблода есепті ашты. Артынша, Тұлпардың капитаны Шынғыс Есенаманов есепті еселеді. Үзіліске дейін Алекс есепті – 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда Этьеннің командасы СКА-Юг есепті теңестіруге ұмтылды, бірақ шабуылдарына дәлдік жетіспеді.Ал, матчтың 28-ші минутында Талес әдемі соққы бағыттап есепті ірі қылды. Кейін, Михаил Першин жалпы есепті қорытындылады – 5:0.

 

«Тұлпар» - СКА-Юг - 5:0 (3:0)

Голдар: Мун 3, Есенаманов 7, Алекс 15, Талес 28, Першин 37

«Тұлпар»: Жеронимо, Перемышлин, Мун, Гребонос, Першин, Дуглас, Талес, Алекс, Есенаманов, Таку, Довгань, Шорин, Кнауб, Мадияров

СКА-Юг: Алешандре, Ренато, Марсио,  Құлбарақов, Казаков, Смақов, Идрисов, Серікұлы, Әбдеш, Козулькин

Төрешілер: Сәлімов (Астана), Борисов (Рудный)

Ескерту алған: Құлбарақов 19

15-ші наурыз. Қарағанды. «Тұлпар» спорт кешені. 500 жанкүйер.