Алматылық «Қайраттың» жаңа ойыншысы Жарко Маркович «Атыраумен» өткен матчтан кейін «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында неліктен қонақтардан ұтылғаны жайлы айтып берді. 

- «Атырау» командасы өз ойынымен сіздерді таң қалдырды ма?

- Меніңше, алғашқы таймды сәтсіз өткіздік, өз ойынымызды таба алмадық. Дегенмен, екінші таймда жиналып ойынымызды түзегіміз келді. «Атырау» керемет ойын өткізді, ал біз болсақ екінші таймда есепті теңестіретін мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадық. 

- Екінші таймда командаңыз алаңға басқа көңіл-күйімен шықты...

- Жіберген қателіктерімізді түзеткіміз келді. Егерде, кездесу екінші таймнан басталса, ұтушы едік. Дегенмен, алғашқы таймда олар бізге гол соқты, сондықтан біз ұтылдық.