Филиппиндік Universal Reality Combat Championship (URCC) промоушені ерекше жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Үш-үштен екі топқа бөлінген алты спортшы аралас жекпе-жектің ережесі бойынша жұдырықтасты. Ерекше жекпе-жекке Филиппин және Қытай спортшылары шықты.

Дегенмен ерекше жекпе-жек ұзаққа созылмады. Бірінші раундта спортшылардың бірі тыйым салынған әдісті қолданғаны үшін төреші жекпе-жекті тоқтатты.