УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі аяқталғаннан соң «Қайрат» футзал клубы маусымды қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шараға «Қайрат» футзал клубының басшылығы, бапкерлер құрамы, демеуші компаниялардың өкілдері және ойыншылар қатысты.

Алматыда өткен Чемпиондар лигасының қорытындысы бойынша клубтың демеушілері («Олимп» БК, «Сапатек» және «Элитстрой» компаниялары) команданың үздіктерін анықтады.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Қайрат» Пауло Рикардо Каканың қол астында ел біріншілігі мен Кубогында топ жарып, УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдесін жеңіп алды.Үздік ойыншы – Хоссейн Тайеби