Кеше Париж – Ницца веложарысының жетінші кезеңі аяқталды. «Астана» шабандоздары Якоб Фульсанг пен Винченцо Нибали мәреге жеңімпаздың уақытымен бірдей келді.  

 
Garmin-Sharp командасының голландиялық шабандозы Том Йелте Слахтер жетінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Lampre-Merida шабандозы Руй Алберту Кошта - екінші орын алса, AG2R La Mondialе командасының шабандозы Карлос Бетанкур үздік үштікті түйіндеді.
 
Жалпы есепте Бетанкур көш бастап келеді, Кошта - екінші, чехиялық шабандоз Зденек Штыбар үшінші. Ал, «Астана» шабандозы Якоб Фульсанг 5-ші сатыда тұрақтаса, әріптесі Нибали тек 17-ші.  
 
Командалық тімізде «Астана» 7-ші орынға көтерілді.  
 
 
Париж – Ницца веложарысы. 7 кезеңнің қорытындысы бойыншы жалпы есеп. 
 
1. Карлос Бетанкур (Колумбия, AG2R La Mondiale) – 32:04:49
2. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – + 0:14
3. Зденек Штыбар (Чехия, Omega Pharma-Quick Step) – + 0:26
5. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 0:29
17. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – + 01:09
61. Франческо Гавацци (Италия, Astana Pro Team) – + 20:33
67. Лиуве Вестра (Голландия, Astana Pro Team) – + 27:41
90. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 38:05
92. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – + 39:16
98. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 42:15
101. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 43:19