Чемпиондар Лигасының жартылай финалының алғашқы кездесуінде «блауграна» «Ливерпульді» ірі есеппен ұтты.

Месси бастаған «Барселона» ағылшын командаларын ізбе-ізбе сұлатып келеді. Топтық кезеңде «Тоттенхэмді» кестеде артта қалдырды, ширек финалда «Манчестер Юнайтедтің» екі аяғын бір етікке тықты. Ендігі кезек маусымда керемет ойын өрнегін көрсетіп жүрген «Ливерпульге» келді. Жартылай финалдың бірінші матчында Алиссон қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Финалға жолдаманың тағдырын тоқсан пайызға шешіп қойған секілді. Мессидің қос голымен, Суарестің нәтижелі соққысына мақтаулы «Ливерпуль» шабуылы үнсіздік танытты.

Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал. Бірінші ойын

«Барселона» - «Ливерпуль» 3:0(1:0)

Голдар: Суарес 26, Месси 75, 82