Бүгін Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионы А тобында кезекті тур ойындары аясында Қазақстан Литвамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңімпаз команда сапынан Дастин Бойд, Никита Клещенко және Даррен Диц көзге түсті. Литвалықтардан жалғыз голды Арвидас Домейка соқты.

Жеңіске қол жеткізген Қазақстан құрамасы алты ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Бірінші орынды Оңтүстік Корея хоккейшілері иеленсе, екінші орынға Беларусь елінің өкілдері жайғасты.

Ертең, 2 мамырда, Қазақcтан Оңтүстік Корея хоккейшілерімен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:30-да басталады.

Қазақстан - Литва 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 - Бойд (Боченски, Сагадеев) - 10:13 ГБ2:0 - Клещенко (Сагадеев, Боченски) - 31:212:1 - Домейка (Четвертак, Чижас) - 31:253:1 - Диц (Карлссон) - 59:21 ГБ

Қақпашылар: Карлссон - Армалис